Түрікменстан астанасында құрылыс, өнеркәсіп және энергетика салаларындағы озық технологиялық шешімдер мен инновациялық жабдықтар таныстырылды. Үш күндік халықаралық көрмеде келушілер таяу және алыс шетелдерден келген 100-ден астам компанияның жетістіктерімен танысты. Көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Иран, БАӘ, Қытай, Үндістан, Жапония, Түркия елдерінің озық үлгілері қойылды.
Селахеттин Йылдыз,
Экспорт жөніндегі менеджер, Түркия:
- Біз нарыққа монтаждау
көбіктерін, мастика, силикон және желім шығарамыз. Зауытымыз Ыстамбұлда
орналасқан. 17 жылдан астам уақыт Түрікменстанда жұмыс істеп келеміз. Біз осы
көрмеде дистрибьюторға қолдау көрсете отырып, өзіміздің жаңа өнімдерімізді көпшілік
назарына ұсындық.
Довлетгелди Байрамов, «Мақсатлы
герчек» кәсіпорнының маманы:
- Біздің кәсіпорын әлемдік
стандарттарға сай келетін және Цельсий бойынша 19 градус температураға шыдайтын
мыс кабельдер өндірісін жолға қойды. Қазір аталған өнімнің 40-тан астам түрін
шығарамыз. Болашақта өндірісті кеңейтіп, Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан және
БАӘ-іне экспорттауды жоспарлап отырмыз.
Іс-шара аясында инновациялар, баламалы қуат көздерін дамыту және энергия тиімділігі, геотермалдық ресурстарды пайдалану мүмкіндіктері мәселелері бойынша конференция өтті. Әсіресе құрылыс саласын цифрландыру мәселесі басты назарға алынды. Атап айтқанда бұған ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және нысандарды жобалауға қатысты деректер, құрылыс және нысанды пайдалану беру жобалары жатады. Бұл үдерістерді оңтайландыруға, ғимараттардың сапасын арттыруға және құрылыс кезінде шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Әсел Күшенғалиева