Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев  Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ аспан асты елі халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектестік білдірді. Еске сала кетейік, Қытайдың солтүстігінде сейсенбі күні 6,8 магнитудасындағы жер сілкінісі орын алды. Зілзала ошағы 10 шақырымға жуық тереңдікте тіркелді. Сондай-ақ жойқын дүмпулер Непал, Бутан және Солтүстік Үндістанда да сезілді. Табиғи апаттан Тибеттегі қытайлық Динжи округі ең көп зардап шекті. Мыңнан астам ғимарат қирады. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Әскерилер зілзала ошағын зерттеу үшін ұшқышсыз ұшақ жіберді. Қытайдың Қаржы және ТЖ министрлігі апат салдарын жою қамында 100 млн юань бөлді. Соңғы мәліметтер бойынша 126 адам қаза тауып, 188 адам түрлі дене жарақатын алған.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?