Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын  қабылдады

2023 жылғы «Самұрық-Қазына» қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша оң динамика байқалады. Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов есеп берді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар міндет жүктеді.

Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

– Кеңейтілген Үкімет отырысында мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» реформалау бойынша нақты тапсырма қойды. Бұл тапсырмаға сәйкес біз 5 бағытта тиісті жұмыс жоспарлап отырмыз. Бірінші, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру; екінші, жоғары технологиялық өнім шығару; үшінші, шетелден тікелей инвестиция тарту; төртінші, қор компанияларының экономиканы кросс-субсидиялаудан жою; бесінші, «Самұрық-Қазына» компаниясына еншілес компанияларды IPO-ға және SPO шығару. Бұл міндеттер президенттің 2029 жылға ЖІӨ-ді екі есеге арттыру туралы тапсырмасын орындауға да тиісті үлес қосады.