Сарапшылар: Қазақстан жаһандық деңгейдегі беделін күшейтіп келеді

Сарапшылар: Қазақстан жаһандық деңгейдегі беделін күшейтіп келеді

Қазақстан – жаһандық деңгейдегі саяси беделге ие. Ол Орталық Азиядағы көшбасшылығымен қатар, әлемдік саясаттағы шешуші мемлекеттердің біріне айналып отыр. Қырғызстанның әлемдік саясат институтының Директоры Шерәділ Бақтығұлов осындай пікір білдірді. Сарапшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуық арада орын алған АҚШ, Қытай мен Ресейге сапарларын мысал етті. Саясаттанушы Қазақстан географиялық орналасуын, қазба байлықтарын, өзге мемлекеттердің геосаяси және геоэкономикалық бастамаларын ескеріп, өз мүддесіне сай дербес сыртқы саясат жүргізіп келетінін айтады. 

Шерәділ Бақтығұлов, Қырғызстанның әлемдік саясат институтының директоры: 

- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әлемдік саясаттағы ықпалы шешуші маңызға ие. Орталық Азия мемлекеттері әлемде орын алып жатқан дағдарыстарға қатысты өз ұстанымдары мен мақсат, мүдделерін тікелей Қазақстан басшысы арқылы жеткізіп келеді. 

Қазақстан басшысы соңғы айларда елдің дипломатиялық қуатын айғақтайтын бірнеше іс-сапарға аттанды. Әзірбайжандық саясаттанушы Анастасия Лаврина осындай пікір білдірді. C5+АҚШ саммитінде Вашингтон Қазақстанды Орталық Азияның тұрақтандырушысы деп атады. Сарапшы мұнымен қоса, Кавказ мемлекеттерімен бірлескен бастамалар көмегімен Қазақстан транзиттік өткізу әлеуетін кеңейтуді саяси деңгейде шешкенін айтты. Астананың мұндай белсенді сыртқы саясаты оның әлемдік көшбасшылармен берік әріптестік орнатқанын көрсетеді. 

Анастасия Лаврина, Әзірбайжан дипломатиялық академиясы университетінің даму және дипломатия институтының ғылыми қызметкері: 

- Қазіргі таңда Қазақстан Орталық Азия + АҚШ форматының негізгі бенефициарының бірі. Вашингтондағы кездесуде бұл анық байқалды, себебі АҚШ Қазақстанды өңірдегі тұрақтандырушы орталық, әрі энергетика, логистика, климат өзгерісі мәселелеріндегі стратегиялық әріптес деп таныды. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің өзара әріптестігін нығайту және АҚШ-пен қарым-қатынастағы ортақ бастамалардың іс жүзіндегі жол нұсқаушысына айналды.   

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?