Қазақстандық
археологтар бұған дейін беймәлім болған бірегей көне құрылымдарды анықтады. Еліміздің солтүстігінде қазба жұмыстарын
жүргізіп жатқан ғалымдар Ақ Ирий қалашығынан орта ғасырға тән тағы бір
ескерткіштің бетін ашты. Тарихшылардың пайымдауынша, ежелгі адамдар бұл жерде металл балқытып,
ет сүрлеген.
Анатолий Плешаков, тарих
ғылымдарының кандидаты,
профессор:
- Құрылымның нақты қай кезеңге жататыны
белгісіз. Дегенмен,
табылған кірпіштерге қарап, орта ғасыр деп болжам жасап отырмыз. Сол кезде
адамдар металл өндірісімен айналысып, ет ыстағаны айдан анық. Яғни, мына нысанды олар сол үшін
пайдаланған. Өз басым, Еуразия аумағында мұндай құрылымдарды көрген жоқпын.
Сондықтан,
мұны – ескерткіштің жаңа түрі деп айтуға болады.
1968 жылы анықталған Ақ
Ирий сақ кезеңінің Солтүстік қалашығы - өзіндік бекініс ретінде қызмет атқарған.
Ол биік үшбұрышты мүйістің үстінде орналасқан, екі жағынан өзеннің жартастарымен
қоршалған және бекіністермен бөлінген. Бүгінде мұндағы далалық лагерьде 50-ге жуық студент ғылыми
зерттеу жұмыстарымен айналысуда.
Жыл
сайын экспедиция нәтижесінде ерте темір дәуіріне жататын ежелгі адамдардың
бірегей қоныстары туралы жаңа тарихи деректер ашылып келеді.
Мейрамбек Сәрсенбай, студент:
- Ең алдымен, бұл жерде мәдени қабаттар бар.
Олардың әр қабаты қандай екенін білу керек. Шпательмен, кисточкамен жұмыс
істеуді білу керек. Кішкентай артефактілерді жерден қалай алып шығу керектігін
білу қажет. Өзім тарих мұғаліміне оқып жүрген соң, әрине, тарихшы боламын. Бірақ, мені өте қатты қызықтырды, осы
археология жұмысы.
Мамандардың пайымдауынша, анықталған құрылымдар Еуразия
кеңістігінен енді табылмауы да мүмкін. Сол себепті, сақ дәуірінен сыр
шертетін көне ескерткіштер археология ғылымының тағы бір тармағы айналуы да ықтимал.