Президент Мемлекет және қоғам қайраткері Қ. Сұлтановқа «Отан» орденін табыстады

Президент Мемлекет және қоғам қайраткері Қ. Сұлтановқа «Отан» орденін табыстады

Президент мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін табыстады. Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымды 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, елімізді дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Қуаныш Сұлтанов әр жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі, Премьер-Министрдің орынбасары болды. Бірқатар елде дипломатиялық қызметте жүріп, еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- «Сіз елімізде парламентаризм институтын дамытуға мол үлес қостыңыз. Жоғары Кеңесте депутат, Төрағаның орынбасары болдыңыз. Одан кейін үш рет Сенаттың, екі рет Мәжілістің депутаты ретінде заң шығару ісінің бел ортасында жүрдіңіз. Өзекті мәселелерді қозғадыңыз. Қазір де қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқсыз. Сіздің қажыр-қайратыңыз, мемлекетшіл болмысыңыз, адамгершілігіңіз жастарға үлгі-өнеге болады деп ойлаймын».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?