АҚШ Қазақстанға озық үлгідегі серверлерді сыйға тартты. Өнімділігі жоғары
компьютерлік жабдық еліміздің сыртқы саудасының дамуына серпін бермек. Жаңа
«Keden» жүйесі автоматтандыру, машиналық оқыту және жасанды интеллектті қолдану
арқылы кедендік рәсімдеу уақытын қысқартып, деректердің қауіпсіздігін
арттырады. Заманауи сервер «Астана -1» жүйесін алмастырады. Инновациялық
технологияны ендіру кеңеюге арналған кедендік үрдістерді ұлғайтып, бәсекеге
қабілеттілігін арттырады, - дейді мамандар. Өзгелермен алыс-берісті
оңтайландыруға бағытталған жаңа жүйе сәйкесінше, елімізге инвесторлардың
тартылуына да жағдай жасайды.
Дэниел Розенблюм, АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
- Біз бұл жобаның
Қазақстанның ішкі және көршілес мемлекеттермен саудасын неғұрлым тиімді етіп,
әрі шығынын біршама азайатынына кәміл сенеміз. Нәтижесінде Қазақстанның жалпы
тауар айналымы көлемінің едәуір ұлғаюына әкеледі деп үміттенеміз. Бұл – сіздің
елмен өзара сауда-саттықтан ұтатын АҚШ үшін ғана емес, жалпы Қазақстанның
барлық сауда серіктестері үшін де аса маңызды жоба. Осы жүйе Қазақстанға сыртқы
саудасын әртараптандырып, түрлі бағытта өз әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.