Қ.Тоқаев Германия Президентіне көңіл айту жеделхатын жіберді

Қ.Тоқаев Германия Президентіне көңіл айту жеделхатын жіберді

Қасым-Жомарт Тоқаев Магдебург қаласындағы жәрмеңкеде орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айтты. Жеделхатта Мемлекет басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?