Қасым-Жомарт
Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы
қабылдады. Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары
салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары баяндалды. 143 мыңнан астам азамат
жұмысқа орналастырылған. Жыл басынан бері 232 мыңнан астам адамға атаулы
әлеуметтік көмек көрсетілген. Ал еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек
құқығын қорғау бойынша кәсіптік тәуекелдерді анықтау, бағалау және алдын алу,
сондай-ақ еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерінің автоматтандырылған
жүйесі енгізіліп жатыр. Светлана Жақыпова Жобалардың инновациялық навигаторын
енгізу жөнінде айтты. Бұл мемлекеттік инвестицияның тиімділігін арттыру, жұмыс
орындарын сапалы түрде жоспарлау үшін әзірленді.

