Қарулы Күштерді цифрландыру және оның жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану, арнайы операциялар мен аумақтық қорғаныс күштерін дамыту. Президент - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткізген жиында осындай міндет қойды. Ведомство жетекшілігіне басқару және әскери органдар құрылымын жетілдіру, әскери қызмет институтының резервін қалыптастыру жүктелді. Жиын барысында әскери борышты өтеуге жайлы жағдай жасаумен қатар әскери қызметшілердің кәсіби құзіретін дамытуға мән беру қажет екені айтылды.

