Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі мен оның отандастарын Мемлекеттің Ұлттық мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы екі ел арасында сындарлы және мазмұнды қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Бүгінде Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің біріне айналды. Президент дәстүрлі достық пен бауырластық рухындағы берік ынтымақтастық нығая түсіп, қос халықтың игілігі үшін ілгерілей беретініне сенім білдірді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

