Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының
Бас хатшысын қабылдады. Таалатбек Масадыков
Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы лауазымдағы жоспарын таныстырды. Кездесуде Ұйым
қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының
міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды. Қазақстан Президенті Ұйымды
одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ
аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

