«ҚазМұнайГаз»: Президент бірқатар тапсырма берді

«ҚазМұнайГаз»: Президент бірқатар тапсырма берді

Атырау облысында қуаты 1 миллион тоннадан асатын полиэтилен өндіру зауыты салынады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаздың» биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының есебінде айтылған. Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасенов, Президентке компанияның 2023 жылы іске қосылған газ-кен орындары, сондай-ақ қорларды толтыру және мұнай өндіру деңгейін сақтау мақсатында жүргізіліп жатқан геологиялық барлау жұмыстары туралы баяндады.  Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» Қызылорда облысындағы Торғай палеозой учаскесінде тереңдігі 5 500 метр ұңғыма және Каспий теңізіндегі Абай учаскесінде бұрғылау жұмыстарын жүргізуді көздейді. Ірі инвестициялық жобалардың қатарында Жаңаөзенде гибридті электр станциясының құрылысы бар. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау, мұнай-газ химиясы салаларындағы жобаларға ірі инвесторларды тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.