Қазақстан Президенті Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Әмірін Ұлттық Мемлекет күнімен құттықтады. Қазақстан Президенті жеделхатта Кувейтті Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі саяси және экономикалық тұрғыдан беделді ел ретінде бағалайтынын жеткізді. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, елдеріміздің арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы саладағы ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?