Қазақстанда AI негізінде су ресурстарын басқару жүйесі енгізіледі

Қазақстанда AI негізінде су ресурстарын басқару жүйесі енгізіледі

Қазақстанда жасанды интеллект технологиялары негізінде су ресурстарын басқару жүйесі енгізіледі. Аталған бастамаға Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары да тартылмақ. Бұл бағдарлама су тапшылығы мәселелерін шешуге, тіршілік нәрі қорын болжаудың дәлдігін арттыруға және ресурстарды бөлуді оңтайландыруға, сондай-ақ құрғақшылық пен тасқынға қатысты қатерлерді уақтылы анықтап, алдын алуға бағытталған. Сандық жүйе түрлі көздерден алынған деректерді біріктіріп, негізделген басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз етеді. Отандық ғалымдар мен су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері DeepBas жобасының пилоттық бағыттарын пысықтап, оны жүзеге асырудың негізгі қағидаларын талқылады.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Біз үшін өте қажет мына жоба. Соны біз ойлаймыз енді осы өзіміздің Академияның күшімен басында сол көрсетіп, біздің министрлік және осы Қытайдан келген әріптестерімізбен күшімен, біз бұл жүйені ары қарай дамытамыз деп ойлаймыз.

Қазақстанда су үнемдеу технологияларына арналған субсидиялар артады

Осы орайда, Қазақстан ауыл шаруашылығында тіршілік нәрін ысырап етпеуге басымдық беріп келетінін айта кету керек. Мәселен, 2030 жылға қарай жаңа технологиямен суарылатын алқаптарды бір жарым млн гектарға жуықтату жоспарланған. Бұл шамамен 2 млрд астам текше метр су үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғни, қазір елімізде диқандарды бұндай озық технологияларға көшіру үшін мемлекеттік қолдау артқан. Осылайша, алдағы үш жылда су үнемдеу технологияларына 214 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек. Бұл көрсеткіш алдыңғы үш жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында, енді инфроқұрылым мен суару жүйелерін жақсартуға жұмсалған шығынның 80% дейінгі бөлігі өтеледі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?