Астанада Kazakhstan Machinery Fair көрмесі ашылды

Астанада Kazakhstan Machinery Fair көрмесі ашылды

Астанада халықаралық Kazakhstan Machinery Fair 2026 көрмесі ашылды. Оған машина жасау және металл өңдеу саласындағы 250-ден астам отандық және шетелдік компания қатысты. Мұндағы мақсат саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және шетелдік серіктестермен кооперацияны кеңейту. Айта кетейік былтыр отандық машинажасау көлемі 18 % өсім көрсеткен.

Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- Елде кәсіпорындарды шикізатпен, қаржыландырумен және кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ дайын өнімді өткізуге қолдау жөніндегі шараларды қамтитын 2028 жылға дейінгі машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспары іске асырылуда. Парламент депутаттарымен бірлесіп саланы жүйелеуге бағытталған заңнамалық бастамалар пысықталуда.

Отандық бөлшектер өндірісі кеңейіп келеді. Мәселен, жылына 127 мың көлік құрастыруға қауқарлы қазақстандық кәсіпорын толығымен отандық дөңгелектер мен акумуляторларға көшкен. Алдағы уақытта көлік орындықтары, бамперлері мен газ шығару жүйесін жасау қолға алынбақ.

Людмила Вольтер, Қазақстандық автокөлік компаниясының өкілі:

- Біз өзімізге қажетті өндірушілер мен өнертабыс иелерін таптық, жергілікті өндірушілермен жұмыс істегенімізге қуаныштымыз. Біз олардың дамуына жол ашамыз. Бұл көрмелер көп нәрседен хабар береді. Шетелден келген инвесторлар біздің жұмыс сапамызды бағалап, кейін осы елге өз өндірістерін көшіріп жатады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?