Президент «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» атты конференцияда сөз сөйледі

Президент «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» атты конференцияда сөз сөйледі

Жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында дипломатия шешуші рөлге ие. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» атты конференцияда айтты. Президент қатысушылар назарын біртұтас еуразиялық қауіпсіздік идеясы көпполярлы, әділетті және орнықты әлемдік тәртіпті қалыптастыруға тұжырымдамалық негіз бола алатынына аударды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы конференция қатысушыларына Қазақстандағы ауқымды саяси реформалар туралы мәлімет берді. Бұған қоса Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланыстарды тілге тиек етті. Әсіресе білім саласындағы жобалардың маңызы зор. Қазір елімізде Ресейдің танымал жоғары оқу орындарының филиалдары табысты жұмыс істейді. Алдағы уақытта Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалын ашу жоспарланып отыр. Ал, Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды.