Көкшетауда ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

Көкшетауда Ақмола облысының ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. «Даму бойынша орта Азиялық компания» жетекшісі Ақмарал Әбеннің айтуынша, орталық агроөнеркәсіп кешінін дамытуға және жанармайдың баламалы түрлерінің өндірісі үшін биохимия саласын ілгерлетуге, экологияны жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ, кремнийлық жартылай өткізгіштерді зерттеу арқылы қалпына келетін энергетиканы дамытуды көздейді.

Назгүл Жүнісова, Экология зертханасының әдіскері:
-
Газдық хроматограф арқылы біз өзен-көлдердің суын зерттеудеміз. Сейфуллин университеті бізге су сынамаларын жіберді. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының көлдерінен алынған суға сараптама жасап жатырмыз.

Еділ Айшуқ, Ғылыми-зияткерлік бөлімінің меңгерушісі:
-
Біз қамыстан биожанармай өндіруді ұсынып отырмыз. Бензин немесе өзге де жанармай түрлерімен салыстырғанда мұнда көмір қышқыл газы аз бөлінеді. Негізгі артықшылығы осы.

Қажымұқан Кәрім, Инженерлік-техникалық бөлімінің әдіскері:
-
Осында жасалған кремнийлық жартылай өткізгіштерін күн панельдерін жасауға, компьютерлерде қолданылатын электронды құрылғыларды жасауға,  машина жасау, авиа салаға қажетті электронды компоненттерде қолдана аламыз. 

Еділ Айшуқ, Ғылыми-зияткерлік бөлімінің меңгерушісі:
-
Қалдықтардан жасалған тыңайтқыштар Ақмола облысында  қолданылып жатыр. Оңтүстік облыстарда жеміс ағаштарына зерттеулер жүргізіліп жатыр. Келешекте оны өндіріске енгізгіміз келеді. Және оны сату да жоспар да бар.  

Сондай-ақ, Ақмарал Әбеннің айтуынша, ғылыми орталықта араб инвесторлары есебінен GCC елдерімен бірлесіп Халықаралық Халәл орталығы құрылады.