Қазақстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу
барысында Қазақстан Президентінің Ресейге жоспарланған мемлекеттік сапарына
дайындық мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Мәскеуде өтетін келіссөздер екі
елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту
тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар, әлемдегі
қазіргі ахуалдың кейбір аспектілері қарастырылды.

