Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады. Мемлекет басшысының шақыруымен 2-3 тамыз күндері Конго Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді. Ал 7-8 тамыз күндері Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары жоспарлануда.
Сондай-ақ, 9 тамызда Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді.