Мемлекет басшысы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы
Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандағы қаржылық
қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес
қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде аталған топтың маңызы зор
екеніне назар аударды. Қазақстанның «ақшаны жылыстатуға қарсы» ұлттық жүйесін
халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті екенін растады.
Сонымен қатар, заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында «Заң және тәртіп»
тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді. Эльжбета
Франков-Яскевич Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп,
оның тиімділігін атап өтті.

