Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті мен халқын елдің Ұлттық күнімен құттықтады. Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды.

Сонымен қатар, дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.