Қазақстан Парламенті жасанды интеллект туралы заң қабылдады

Қазақстан Парламенті жасанды интеллект туралы заң қабылдады

Қазақстан Парламенті жасанды интеллект саласын реттеуге бағытталған заң қабылдады. Мәжіліс тиісіті заң мен оған іліспе құжаттарға Сенат енгізген түзетулермен келісті. Барлығы 3 құжат бойынша 130 түзету қаралды. Жоғарғы палата депутаттары енгізген басты өзгеріс AI-жүйелерін пайдалану арқылы келтірілген зиян үшін жауапкершілікті міндетті сақтандыруды енгізуге қатысты. Алдыңғы нұсқада тек ерікті сақтандыру көзделген еді. Жалпы, жаңа редакциядағы АІ туралы негізгі заң бойынша - 6, цифрландыру актісіне - 3, және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске - 7 нақтылаушы түзету енгізілді. Парламент депутаттарының айтуынша, заңды қабылдау жасанды зейін технологияларын қауіпсіз және этикалық енгізуді қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз құрайды. Сондай-ақ, Қазақстанда цифрлық экономика мен озық үлгідегі инновациялық шешімдерді дамытуды ынталандырады.


Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Парламент Сенаты 3 заң бойынша 16 түзету енгізді. Олардың ешқайсысы Мәжіліс қабылдаған заңдардың мәтінін жақсартпайды да, нашарлатпайды да. Олардың барлығы тек қана редакциялық және нақтылау сипатында. Осылайша, аталған түзетулер құқық қолдану практикасына ешқандай әсер етпейді. Сондықтан да комитет Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісуге болады деп санайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?