Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысына депутаттық корпустың заң шығару қызметі туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасын қабылдады. Ерлан Қошановтың айтуынша, сессия басталғаннан бері 31 заң қабылданып, Сенатқа жолданды, сондай-ақ 15 заңға Президент қол қойды. Олардың ішінде Бюджет кодексі, биржалық сауда мәселелері бойынша заңдар, есірткі қылмысы үшін жазаны қатаңдату, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесін енгізу және тағы басқалары бар. Қазір депутаттар 71 заң жобасын қарап жатыр. Ол Салық, Су, Құрылыс, Цифрлық кодекстері және заң жобаларымен жұмыс жүргізілуде. Мәжіліс төрағасы, сондай-ақ парламенттік дипломатия бағытындағы жұмыстың қорытындылары жөнінде мәлімет берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?