«Ақорда» резиденциясында төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің, сондай-ақ Еуропа Одағы өкілдігі басшысының Қазақстан Президентіне Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Франция, Финляндия, Канада, Бразилия мен Еуропа Одағы өкілдері дипломатиялық құжат тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақстан бейбіт дипломатия қағидатын ұстанатын ел екенін әрі халықаралық аренадағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса алатынын атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымымен жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға бейіл екенін растады.