Президент CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Президент CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Энергетика, мұнай-химия өнеркәсібі, автожол құрылысы, ауыл шаруашылығы және басқа да негізгі салалардағы серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен оны нығайту келешегі. Президент CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен осы мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау битум зауытын жаңғырту жобасын тиімді әрі мерзімінен бұрын іске асырғаны үшін корпорацияға алғыс айтты. Си Гохуа CITIC Group мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, мұнай құбырларын тарту, Орталық - Батыс автокөлік жолын жөндеу, астықты терең өңдеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланысты нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізудің маңызын атап өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?