Қазақстан авиациялық хабты дамытуға ниетті

Қазақстан авиациялық хабты дамытуға ниетті

Маңғыстау облысында авиациялық хабты дамыту көзделіп отыр. Қазіргі таңда осыған қатысты ел Үкіметінде өңірге авиаотынды тікелей жеткізу, сондай-ақ шетелдік әуекомпанияларды тарту арқылы елімізде жаңа бағыттар бойынша субсидияланатын ішкі ұшу қатынастарын ұлғайту мәселелері пысықталуда. Сонымен қатар, аталған өлкеге өзге өңірлерден келетін жолаушылар ағынын арттыру үшін темір жол инфрақұрылымын дамыту және «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағын кеңейту үшін әлеуетті инвесторларды тарту жағы күшейтілмек. Осы бағытта жыл басынан 14 жоба іске қосылды. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 1,5 трлн теңгенің 19 әлеуетті жобасы қолға алынбақ. Көлік логистикасы да қарқын алуда. Осылайша биылдың 10 айында Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 70%, ал, контейнерлік жеткізілімдер үш есеге жуық артқан. Теміржол көлігімен 2,3 млн тонна, теңіз жолымен 6,3 млн тонна жүк өткен. Жалпы, Маңғыстау өңірінде инфрақұрылымды дамытумен қатар, экономиканың басқа да басым салаларын жетілдіруге назар аударылуда. Атап айтсақ, олар автожолдарды жаңғырту, Ақтау портында жаңа контейнерлік хаб салу, түрлі қызмет түрлерін көрсету сапасын жақсарту және энергетика мен туризм салаларын дамытуға қатысты.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?