Қазақстан мен Гвинея-Бисау Президенттері АХҚО барды

Қазақстан мен Гвинея-Бисау Президенттері АХҚО барды

Қазақстан мен Гвинея-Бисау Президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбалоға қаржы орталығының құрылымы және қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді. Оның айтуынша, екі ел орталық алаңында инвестиция, жасыл және исламдық қаржыландыру, сондай-ақ қаржы саласының мамандарын оқыту секілді басым бағыттар бойынша ынтымақтастық орната алады. Бұдан кейін мемлекет басшыларына Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі - АХҚО Сотының жұмысы туралы ақпарат берілді. Президенттерге сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығы мен Жасыл қаржы орталығының қызметі туралы баяндалды. Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің жұмысымен және қаржы орталығының реттеу режимінің ерекшеліктерімен танысты. Бүгінгі таңда АХҚО арқылы елге 14 млрд доллар инвестиция тартылды, оның 6,7 млрд доллары - Astana International Exchange биржасына тиесілі. Орталықта әлемдегі 85 елдің 3400-ден астам компаниясы тіркелген. Олардың қатарында Африка құрлығынан 6 компания бар.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?