Қазақстан Парламенті жоғары палатасының депутаттары жылды қорытындылады

Қазақстан Парламенті жоғары палатасының депутаттары жылды қорытындылады

Қазақстан парламенті жоғары палатасының депутаттары өңірлерге шығып, жылды қорытындылады. Естеріңізге сала кетсек, жыл басынан бері сенаторлар жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді. Палата спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, енді алдағы уақытта депутаттар ауыл мен аудан халқы көтерген мәселелерді назарға ала отыра, оларды шешу жолдарын қарастырулары керек.

 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде өңірлерге барып, жұртшылықпен кездесулер өткіздік. Соның барысында халықты алаңдатып отырған өзекті проблемаларға назар аударып, тұрғындармен бірге талқыладық. Енді сенаторлардан маңызды мәселелер бойынша депутаттық сауалдар күтеміз. Сондай-ақ аталған түйткілдер Парламенттік тыңдаулар мен Үкімет сағаттарын өткізу кезінде де ескерілуге тиіс.

 

Сенат бюросының отырысында Мәулен Әшімбаев қатысушыларды Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтылған негізгі мәселелер назар аударуға шақырды. Ол депутаттарды Сенатқа түсуін күтпей Бюджеттік және салықтық кодекстер бойынша жұмысты бастауға шақырды.