Сиань қаласының әуежайында Мемлекет басшысын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Аспан асты еліне ресми сапардың күн тәртібі тығыз. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелерін қарастырады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады деп жоспарлануда. Сапар аясында Сиань қаласында еліміздің Бас консулдығын ашу және осындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсімдері өтпек.