Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар үшін жаңа ынталандырулару шаралары енгізіледі

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар үшін жаңа ынталандырулару шаралары енгізіледі

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушыларға қолдау көрсетудің жаңа шараларын енгізу жоспарланған. Ел Мәжілісі көмірсутектер мен уран өндіру ережелерін жаңартатын заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Құжатта қолданыстағы учаскелерді аукцион өткізбей-ақ 5 мың метрге дейін тереңдету мүмкіндігі қарастырылған. Бұл геологиялық барлауды жеделдетуге және жер қойнауын игерудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ауыр және тақтатас мұнайы сияқты өндіруі қиын көмірсутектер игерілетін күрделі кен орындары үшін ерекше құқықтық режим енгізіледі. Мұндай жобалар қосымша ынталандырумен және мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етілмек. Сондай-ақ салаға инновациялық технологияларды ендіруді көздейтін компаниялармен де арнайы шарттар жасасу межеленген.


Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


- Осыған байланысты заң жобасында мұнайбергіштікті арттыру әдістерін қолдану жөнінде жеке норма қарастыру және арнайы әдістер енгізетін жер қойнауын пайдаланушыларға ынталандыру шараларын қолдану мүмкіндігін беру ұсынылады. Сарапшылардың бағалауынша, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының өндіруші кен орындарында заманауи мұнайбергіштікті арттыру әдістерін қолдану 2050 жылға дейін қосымша 14-тен 25 млн тоннаға дейін мұнай өндіруге мүмкіндік береді. Бұл ескі кен орындарының тиімді пайдалану мерзімін ұзартып, жұмыс орындарын сақтауға ықпал етеді.

Мәжіліс банктер туралы заң жобасын қарады


Мәжіліс банктер және банк қызметі туралы заң жобасын да  бірінші оқылымда қарады. Ол қаржы секторын реттеуге және дамытуға, сондай-ақ азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған. Бұл құжат шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету күшейтіледі. Қаржылық алаяқтыққа қарсы жаңа тетіктер енгізілмек. Озық технологияларға ерекше назар аударылған. Алғаш рет Цифрлық теңге мәртебесі бекітіліп, криптовалюталар мен басқа да сандық үлгідегі активтердің айналымы реттеледі. Заң жобасы сондай-ақ әмбебап және базалық банктік лицензиялардың екі түрін енгізеді. Бұл еліміздегі қаржылық қызметтер нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді.


Татьяна Савельева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әмбебап лицензия қызметтері кең ірі банктерге арналған, ал базалық лицензия капиталға қойылатын жеңілдетілген талаптары бар, алайда операциялық қызметті шектейтін шағын банктерге бағытталған. Бұл жүйенің тұрақтылығына нұқсан келтірмей нарықта жаңа қаржы институттарын құруға жол ашады. Алғаш рет тәртіптік қадағалау енгізіледі. Ол банктің тұрақтылығымен қатар, оның клиентпен тиімді жұмыс жасауына бағдарланған.  Бұл жаңашылдық тұтынушылардың құқықтарын қорғау, адал бәсекелестікті дамыту, қажетсіз қызметтерді болдырмау және сотқа дейінгі реттеудің жылдам тетіктерін көздейді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?