Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікке «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбатына орай жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы мақаланы мұқият оқып шыққанын, онда өзекті ой-толғамдар арқылы ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылғанын атап өтті.
Қасым-жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- «Төл әдебиетіміздің даму көкжиегіне қатысты сын-пікірлеріңіз бен жас буынға қарата айтқан ақыл-кеңестеріңіз орынды деп санаймын. Шын мәнінде, жаһанды жайлаған қазіргідей құбылмалы заманда жазушылар қауымы көркем туындылары арқылы әділдік, жақсылық және адамдық құндылықтарын кеңінен дәріптегені жөн. Бұл еліміздің келешегі үшін өте маңызды».

