Қазақстанда су тасқындарын болжау мен үлгілеудің цифрлық жүйесі әзірленуде

Қазақстанда су тасқындарын болжау мен үлгілеудің цифрлық жүйесі әзірленуде

Қазақстанда су тасқынын болжау және модельдеудің цифрлық жүйесі әзірленуде. Ол алдымен деректерді жинау, оларды талдау, содан кейін болжау және модельдеу сияқты төрт модульді қамтиды. Үкіметте хабарлағандай, бағдарлама «Қазақстан Ғарыш Сапары», «Қазгидромет» пен «Геодезия және кеңістіктік ақпарат ұлттық орталығы» деректерін пайдаланатын болады. Бұдан басқа, жүйені ТЖМ-нің дерекқорымен тасқын, сел және көшкін қаупі бар учаскелер, сондай-ақ, гидротехникалық құрылыстар бойынша интеграциялайды. Сондай-ақ, су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың «цифрлық бедерін» құру жоспарланып отыр.