Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайда автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы KIA корпорациясының президенті Хо-Сунг Сонг айтып берді. Нысан 2025 жылы салынады деп жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру үшін 90 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Зауыттың жобалық қуаты жылына 70 мың автомобиль шығаруға есептелген. Оның ішінде 50 мың автомобиль ұсақ бөлшектерден құрастыру әдісімен өндіріледі, яғни жергілікті өнім үлесі барынша жоғары болады. Сонымен қатар компания елімізге автомобильдің қосалқы бөлшектерін жаһандық деңгейде тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстан аумағында осындай зауыт салу жөнінде келісімге қол қойылды. Мемлекет басшысы Қазақстанда автоиндустрия саласын дамытуда отандық мамандарды даярлау сияқты республиканың өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.