Қазақстан Президенті Жапонияға ресми сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Токио қаласының халықаралық әуежайында елдің мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды. Бүгін Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті. Қазақстан Президенті қонақжайлық танытқаны үшін Императорға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін жеткізді. Император Нарухито Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі уақиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты.

