Қ.Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қ.Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға және бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Айта кетейік, 12 қабатты қонақ үйде болған өрттен 79 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жарақат алды. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?