Премьер-министр сарапшылармен экономиканы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Премьер-министр сарапшылармен экономиканы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Премьер-министрі елдің бизнес пен сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізуге бағытталған шаралар легін талқылады. Жиында қатысушылар жаңа салық және бюджет кодекстері жобаларын да саралады. Үкімет басшысының орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық-бюджет реформасын жүргізу тәсілдеріне жіті тоқталды. Оның айтуынша, оларға енгізілетін жаңашылдықтар өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерде өсімнің жаңа мүмкіндіктерін іске қосу жөніндегі міндеттерді шешу үшін қажет. Жалпы аталған жиынның қорытындысы бойынша Үкімет экономикалық, яғни жалпы ішкі өнімнің өсуін ынталандырудың барынша тиімді шараларын пысықтау үшін сарапшылармен белсенді түрде жұмыс істеуді жалғастыратынын жеткізді.

Дәрмен Сәдуақасов, «Dasco Consulting Group» ЖШС басқарушы серіктесі:

- Қазіргі жағдайда мемлекет кірісін арттыру қажетілігі барын барлығы жақсы түсінеді. Алайда бұның бәрін сәтті түрде жүзеге асыру үшін не істеу керек? Әрине, салықтық әкімшілендіру тақырыбына, яғни оның тиімді болуына көп көңіл бөлінуде. Жиынға қатысқан өзге сарапшылар да ел экономикасындағы құрылымдық реформалар, бюджеттің неғұрлым тиімді жұмсалуы туралы, шығыстар бөлігіндегі есептілік пен ашықтық жайында атап өтті. Премьер-министрдің бүгінгі ұстанымы бизнесті осы диалогқа барынша тартып, сарапшыларды жұмылдыру және сәйкесінше салмақты шешімдер әзірлеуге қатысты болды.

Елена Бахмутова, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» ЗТБ кеңесінің төрайымы:

- Біз қазір түсінгеніміздей елдің салық-бюджет реформасының мақсаты - мемлекеттік қаржыны нығайту, әділ салық салу және даму үшін қазына шығыстарын қайта қарау болып табылады. Бұл жалпы ішкі өнімнің, яғни ел экономиканың тұрақты дамуына ықпал етуі тиіс маңызды қадам деп санаймыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?