Қазақстанда балық шаруашылығын дамытуға 4,6 млрд теңге инвестиция салынды

Қазақстанда балық шаруашылығын дамытуға 4,6 млрд теңге инвестиция салынды

Қазақстанда балық шаруашылығына инвестиция артқан. Өткен жылы саланы дамытуға 4 жарым млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. 11 айдың қорытындысы бойынша балық өнімі нарығының көлемі 77 мың тоннаға жетті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10% артық. Елімізде 38,5 мың тонна балық ауланып, тағы 21 мың тоннаға жуық балық қолдан өсірілді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, салада жалпы қуаты жылына 120 мың тоннаға жуық өнім өңдейтін 72 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 20-сы Еуропалық Одақ елдеріне экспорттайды. Жалпы, отандық балық өнімдері Германия, Нидерланд, Ресей және Қытайды қоса санағанда әлемнің 21 еліне жөнелтіледі. Саланы одан әрі дамыту үшін мемлекеттік қолдау көзделіп, қосылған құн салығын төмендету, жеңілдетілген несиелеу және тәлімбақтарды жаңғырту жоспарланған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?