8 миллион доллар Қазақстаннан заңсыз шығарылмақ болған

8 миллион доллар Қазақстаннан заңсыз шығарылмақ болған

Құзырлы орган жыл басынан ел аумағынан заңсыз шығарылмақ болған 8 миллион долардан астам қаржының ізіне түсті. Бұл туралы еліміздің ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады. Бұдан былай экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануымен қазақстандықтар да белсенді күресе алады. Ол үшін арнайы комиссияның веб-сайтын құру көзделіп отыр. Азаматтар ол арқылы кеңестің жұмысымен жіті танысып, заңсыз активтерді қайтаруға қатысты өз ұсыныстарын енгізе алады. Еске сала кетейік, арнайы комиссияны Президент құрған болатын. Жаңа органның мақсаты – сыртқа заңсыз ағылған қаржыны елге қайтару.

Комиссияның барлық іс-әрекеттері құқықтық нормаларға толық сәйкес келуі тиіс, құқық қорғау және мемлекеттік органдар адал бизнеске қатысты асыра сілтеулер мен теріс пайдаланушылықтарға жол бермеуге міндетті.  Осы жұмысқа қоғамды тарту үшін сайтта арнайы бөлім құрылады, ол арқылы әрбір адам хабарлама жібере алады немесе Комиссия қызметінің мәселелері бойынша ұсыныс енгізе алады, деп мәлім етті Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов.

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов