Қазақстанда туризм саласын цифрландыру қарқынды жүріп жатыр

Қазақстанда туризм саласын цифрландыру қарқынды жүріп жатыр

Былтыр Маңғыстау өңіріне келген 71 мыңнан астам шетелдік турист «e-Qonaq» жүйесі арқылы қызмет алған. Облыстағы 100-ден астам орналастыру нысаны осында тіркелген. Аймақтың туристік әлеуеттін арттыру мақсатында «visit.mangystau.kz» сайты іске қосылды. Онда көрікті жерлер мен саяхатшыларға қажетті барлық ақпарат бар. Биыл сайтты 2ГИС цифрлық анықтамалық картасымен біріктіру жоспарланып отыр. Туристке бағыт бағдар көрсететін  электронды жүйге аймақтың 100-ден астам тарихи-мәдени нысаны енгізілген. Сондай-ақ, «Маңғыстаудың киелі жерлері» интерактивті картасы үш тілде жасалды. Мұның бәрі өңірге туристер ағынын арттыруға тың серпін берген.

Ерсін Ибрашев, Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы:

- Ресми статистикалық деректерге сүйенсек, оң динамика байқалады. Былтырғы көрсеткіштермен салыстырсақ туристер ағыны 18% артты. Ал соңғы 4 жылдағы орташа жылдық өcім 30% шамасында. Өңірде осы бағыттағы жұмыстар ширап келеді. Әсіресе цифрландыру аясында «e-Qonaq» жүйесін жетілдіруге үлкен көңіл бөлінуде.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?