Қазақстанда алғашқы модульдік құтқару бекеті ашылды

Қазақстанда алғашқы модульдік құтқару бекеті ашылды

Қазақстанда алғашқы модульдік құтқару бекеті ашылды. Ол судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа нысан Петропавл қаласындағы Есіл өзенінің бойында орналасқан. Әрі тәулік бойы жұмыс істейді. Құтқарушылардың тиімді жұмыс істеуі  үшін барлық жағдай жасалған. Аталған бекеттің арқасында мамандар өзен үстімен өтетін автомобиль көпірін, Есіл жағалауын және Петропавл су торабының жағдайын бақылай алады. Модульдік құтқару бекеті алдағы уақытта өзге өңірлерде де ашылады.

Динара Нұрғалиева, ҚР ТЖМ ресми өкілі:

- 25 күннің ішінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Қажетті техника, киім-кешек, құрылғылардың барлығы жаңадан сатып алынды. Ендігі біздің міндет суда болатын оқыс оқиғалардың алдын алу. Оған біз дайынбыз. Әзірге мұндай модульдік құтқару бекеті Қазақстанның бірде-бір өңірінде жоқ.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?