Павлодар облысы 1,3 трлн теңге инвестиция тартты

Павлодар облысы 1,3 трлн теңге инвестиция тартты

Павлодар облысы - елімізге инвестиция тарту жөнінен көшбасшылардың бірі. Былтыр өңір экономикасына 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, өсім 50% жуықтады. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс әкімі Асайын Байханов баяндады. Аймақтың өнеркәсіп өндірісі қарқынды дамып келеді. Мәселен, елімізде өндірілетін көмір мен ферроқорытпаның 60% және электр қуатының 42% Павлодар облысына тиесілі. Сонымен қатар аталған өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі де 10% жуық артқаны байқалады. Ылғал үнемдеу технологиясын қолдану бойынша да бұл өлке республикадағы өңірлер арасында алдыңғы қатардан көрінуде. Бұдан бөлек ел Президентіне Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір салу, үшінші ГРЭС салу және «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуы жайында есеп берілді.

Қызылорда облысында 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімін қабылдады. Өңірдің дамуы жөнінде аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев баяндады. Алдағы үш жылға шамамен 2 трлн теңгенің 48 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланған. Биыл жалпы құны 1 трлн теңгені құрайтын 14 ірі жобаның құрылысы басталады. Қызылорда қаласында көпбейінді аурухана, перинаталдық орталық, жаңа драма театры мен заманауи кітапхананың құрылыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар өңірде көлік инфроқұрылымы жаңғыртылуда. Қызылорда – Ақтөбе автожолын кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды. Ол Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі саналады. Жалпы облыстағы 138 шақырым автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін жөндеу көзделген.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?