Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясы салынады. Ол Франция инвесторы тарапынан бой көтереді. Бүгін Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Бесінші республика Үкіметтері арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялады. Құжатқа Парижде бір жыл бұрын қол қойылды. Оның мақсаты - республикадағы жаңартылатын энергия саласындағы ірі жобаларды ілгерілету және іске асыру. Осылайша, шамамен 820 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл қосымша 3 жарым млрд кВт/сағаттан аса баламала қуат көзін өндіруге және жыл сайынғы көмірқышқыл газын шығаруды кем дегенде 2 млн тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді.
Алмасадам
Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Жобаны іске асыру ЖЭК секторын дамытуды жалғастыруға, 2030 жылға қарай 15 % қол
жеткізуді көздейтін ЖЭК дамуының қабылданған нысаналы индикаторларына қол
жеткізуге, сондай-ақ жыл сайынғы көмірқышқыл газының шығарындыларын қысқартуға
мүмкіндік береді. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта Еуропа елдері көміртегі
салығын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Жасыл энергия генерациялайтын қосымша
қуаттарды енгізу қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтағы бәсекеге
қабілеттілігіне оң әсерін тигізеді.