Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 5 млрд долларға жетті. Бұл тек жыл басынан бергі 4 айдың көрсеткіші. Былтырдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда өсім 10% құрап отыр. Бұндай мәліметтермен Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев бөлісті.
Маманның айтуынша, аспан асты елі Қазақстанның екінші ең ірі деген серіктесі және аса маңызды инвесторы. Соңғы 12 жылда қытайлық бизнесмендер ел экономикасына 19 млрд доллар қаржы құйған. Бүгінгі таңда елімізде қытайлық капиталмен 2700-ден астам компания жұмыс істейді.
Ержан Салтыбаев, Нұрсұлтан Назарбаев қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының директоры:
- 2013 жылы ұлттық әл-ауқат қоры және халықаралық саудаға ықпал ету жөніндегі комитеті Қазақстан-Қытай кеңесін құрған болатын. Бүгінде ол тараптар арасындағы сауда байланысын дамытуға қатысты тиімді алаңға айналды. 2020 жылы пандемияға қарамастан екі жақты алыс-беріс тоқтаған жоқ, деңгейі де төмендемеді. Керісінше өсім тіркеліп, былтыр өзара тауар айналымы 4% артты.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов