Қазақстан Үкіметі қол жеткізілген қазақ-корея келісімдерін іс жүзінде жүзеге асыруға дайын. Бұл туралы Корея Республикасының Президенті мен ел Премьер-Министрінің кездесуінде белгілі болды.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов атап өткендей, біздің еліміз энергетика, сирек кездесетін металдарды игеру және қайта өңдеу, инфрақұрылым, автомобильдер мен олардың компоненттерін өндіру, су ресурстарын тиімді пайдалану сияқты салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі. Жаңа келісімдер ірі корпорациялардың өндірістерін оқшаулау мүмкіндіктеріне алып келеді.
Атап айтқанда, Қазақстан оңтүстік кореялық технологияларды қолдану арқылы электромобильдерге арналған аккумуляторлар, сондай-ақ лифтілік жабдықтар шығаруға мүдделі.
Авиация саласында да тараптар арасында жаңа жолаушылар әуе бағыттарын ашу мәселесі пысықталады. Бұл өткен жылы Қазақстанға келген корейлік туристер санының екі есе артуына байланысты қажет болып отыр.