Қазақстан биыл рекордтық астық жиналады

Қазақстан биыл рекордтық астық жиналады

Қазақстанда  биыл да орақ науқаны аса нәтижелі болмақ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жер емген шаруалар 21 млн тоннаға жуық астық бастырыған. Яғни, рекордтық өнім қамбаға түсті. Ведомствода атап өткендей, бұл тың көрсеткіштің өзі де әлі шек емес. Бүгінгі таңда жалпы егіс алқабының тек 83% жиналды. Жалпы бірқатар аграрлы өңірдегі өткен жазғы маусымының құрғақшылығына қарамастан, өнімділік былтырғыдан жоғары. Мамандардың дерегінше, 1,4 млн тоннадан астам майлы дақылдар, 2,5 млн тонна картоп және 3,5 млн тоннадан астам көкөніс жиналды. Ауыл шаруашылығы министрілігі сарапшыларының пайымынша, орақ мерзімін қысқартуға бірнеше фактор әсер еткен. Бұл заманауи техниканы пайдалану, цифрлық мониторинг жүйесі және қолайлы ауа райы. Жалпы, астық жинау науқаны ұйымдасқан түрде және оңтайлы мерзімде өтуде.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?