Енді партияларды тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мың адамға азаймақ. Бұл туралы Президент Жолдауында айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі. Тіркеу шегін төрт есе – 20-дан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Өңірлік өкілдіктердің ең аз саны үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азаяды. 1000-нан 700 адамға дейін, партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны үштен бірге азаяды», – деді Президент Жолдауында.