Мемлекет басшысы Моңғолияға мемлекеттік сапармен келді

Мемлекет басшысы Моңғолияға мемлекеттік сапармен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен келді. Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі қарсы алды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті, Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы және Премьер-министрімен кездесіп,  жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қояды деп  жоспарланған.