Қазақстанда 2025-ші жылы 19 заң жобасы әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Әділет министрі мәлімдеді. Азамат Есқараевтың айтуынша оның 12-сі Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталса, алтауы жаңа редакцияда шығады. Яғни, базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакеті, телекоммуникациялар мен деректерді өңдеу орталықтары мәселелерін заңмен реттеу көзделуде. Одан бөлек, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сайлау туралы заңнаманы жетілдіру және баламалы энергия көздері саласын дамыту қамында құжаттар әзірленбек. Сонымен қатар, келер жылы мемлекеттік қызмет туралы және оған ілеспе заң жобасын Парламентке жіберу жоспарланған.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
- Заң жобасы сервиске және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген
түпкілікті нәтижеге бағдарланған. Мемлекеттік қызметтің гибридті моделін
пайдалана отырып, мемлекеттік ақпаратты кәсібилендіруді көздейтін мемлекеттік
қызмет моделін қалыптастыруға бағытталған. Бұдан басқа, жоспардың жобасы
республикалық бюджет және ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы жыл
сайынғы негіздегі әзірленетін заң жобаларын көздейді.