Шетелдік инвесторлар Алматы облысында аутлет орталығын салуға ниетті. Қазақстан Премьер-Министрі аустриялық компанияның басшылығымен кездесуінде инвестициялық жобаны жүзеге асыру әлеуеті талқыланды. Орталықтың құрылысы шағын және орта бизнесті дамуытуға, инвестиция тартуға және тауар айналымын арттыруға тың серпін береді. Бұл бастама Қазақстаннан ғана емес, көршілес елдерден де тауарларды сатып алушыларды тартуға арналған
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк цифрландыру саласында ынтымақтасады. Бұл жөнінде Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен қаржы институтының вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесуінде айтылды. Банк инновациялық технологияларды, жобалауды оңтайландыру, инвестицияларды жүзеге асыру және экологиялық мәселелерді шешу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысына халықаралық озық тәжірибені енгізе алады. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, бүгінге дейін екі жақты ынтымақтастықтың нәтижесінде жалпы құны 8 млрд долларға бағаланған 48 жоба іске асырылды.
Сондай-ақ, Олжас Бектенов пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Хаолян Шу орнықты
даму мақсаттарын жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар
Алматыда БҰҰ Даму бағдарламасының субөңірлік кеңсесін ашу әлеуетін қарады. Ол
Орталық Азияның сыртқы сын-қатерлерге төзімділігін нығайту саласындағы
бірлескен күш-жігерді үйлестіру бағытында жұмыс істейтін болады. Әріптестік
орнағалы халықаралық құрылыммен елімізде түрлі салада 200 жоба жүзеге
асырылған. Қазір 35 бастама бойынша жұмыс жүргізілуде.

